ЮНЕСКО өкілдері-Шымкентте

27.jpg 

Шымкент қаласында Жібек жолының мәдени мұрасын қорғаудың стратегиялық бағыттарын анықтау мақсатында үйлестіру бюросының (SRLHN) III отырысы өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Іс-шараны ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағының халықаралық мәдени мұралар орталығы мен қалалық туризм, сырты байланыстар және шығармашылық индустрия басқармасы бірлесе ұйымдастырды.

Жібек жолының мәдени мұралар желісінің жаңғыруына ықпал етуді мақсат еткен жиын 2200 жылдық тарихы бар Шымкентте алғаш рет өткізілді. Жеті елден – Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстаннан Жібек жолының материалдық емес мәдени мұрасын сақтауға және ілгерілетуге мүдделі 15 ықпалды тұлға мен сарапшылар бас қосып, пікір алмасты.

Шымкент – Жібек жолының бойында орналасқан көне қала. ЮНЕСКО-ның аталған елдердегі өкілдері, сарапшылар көшпенділердің, Жібек жолының бойындағы халықтардың мәдени мұраларының жаңа элементтерін талқылау, зерделеуді мақсат еткен. Жалпы айтқанда, үйлестіру отырысы салт-дәстүрімізді сақтау, зерттеу, насихаттау бағытында тағылымды іс-шараларды іске асырмақ.

ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша өкілі Ким Деок Сун мәдени мұраларды сақтау үшін тың мәліметтер жинау, Ұлы жібек жолының мәдени мұрасын сақтауда осындай басқосулардың маңызы зор екенін атап өтті.

Айта кетсек, іс-шара қонақтары Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында халқымыздың салт-дәстүрімен де танысты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер