Шымкентте 1 210 658 адам тұрады

28.jpg 

Шымкент қаласы елімізде туу көрсеткіші бойынша 4 орында келеді.  Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев айтты.

2023 жылғы 1 қыркүйекке қала халқының саны 1 210 658 адамды құрады. Республикада халық саны бойынша Шымкент қаласы 6-шы орынды алады. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 2,5% немесе 29 193 адамға артқан.

Шымкент қаласы республикадағы халқы тығыз орналасқан қалалардың бірі болып табылады. Қалада 1 шаршы км-ге 1 041 адамнан келеді. Жалпы республика бойынша – бұл көрсеткіш орта есеппен 1 шаршы км-ге 7,3 адамды құрады.

«Осы кезеңде халықтың табиғи өсімі 16 914 адамды құрады және 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,2% өсті.

Республика бойынша Шымкент қаласы сәби туу көрсеткіші бойынша 4 орында. Ағымдағы жылдың 8 айында қала бойынша 20 234 бала туылды, »- деді Ерназар Құлтаев.

Сонымен қатар, осы кезеңде қала бойынша – 3 320 өлім оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, өлім оқиғаларының саны жағынан 7% кеміді.

Шымкент халқының өсімі жағынан республика ғана емес, жалпы ТМД көлемінде алдыңғы қатарларда келе жатқан қала. Қала аумағы көршілес аудандардың есебінен көбейді. Үшінші мегаполистің қазіргі аумағы Алматы қаласынан екі есеге көп. 2018 жылдың маусымында қала халқы 1 миллионнан асты.  Осы кезде Шымкентте республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер