Шымкент Республика күнін атап өтті

30.jpg 

Шымкенттегі  «Түркістан» сарайында Республика күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков барша тұрғындарды еліміздің рухын асқақтатқан, басты құндылықтарымыз – ынтымақ- бірлігімізді арттырған айшықты мерекемен құттықтады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, орнықты дамуға бет алған, алдыңғы қатарлы мемлекет болуымыз үшін Президентіміз атап өткендей, «отаншыл, білімпаз, еңбекқор, таза әрі жанашыр» болуға ұмтылуымыз қажет. Өйткені, осы жақсы қасиеттерді бойына жинай білген «Адал азаматтар» Әділетті Қазақстанды құратын болады. Тәуелсіздігіміздің айшықты мерекесі Республика күніне Шымкент қаласы да жетістіктерімен келіп отыр. Қаланың республикалық мәртебеге ие болуы инвестициялық белсенділіктің артуына септігін тигізді. Биылғы жылдың 9 айында Шымкентке 434 миллиард теңге инвестиция тартылып, жыл соңына дейін 722 миллиардқа жетеді деп күтілуде», - деді қала әкімі.

Мерекелік жиында түрлі салада қызмет атқарған бірқатар азаматқа «Құрметті азамат» атағы беріліп, «Барыс», «Парасат», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдері табысталды.

Кеш қонақтары патриоттық бағыттағы көріністерді ташамалап, өнерпаздар ұлттық рухымызды асқақтататын әуендер шеруін тарту етті. Жалпы биыл Республика күні Шымкентте кең көлемде аталып өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер