Ғабит Сыздықбеков саяхатшы-блогерлермен кездесті

31.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бір топ италиялық саяхатшы блогерлермен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Милан қаласынан келген қонақтарды Италия тревел-блогерлер қауымдастығының вице-президенті Алессандро Бертини бастап келген. Олардың қатарында Элиза Патерлини, Джорджа Симончелли, Анна Перниче, Дамариде Маранджелли, Федерика Висконти, Микеле Сурачи, Анна Коста, Мартина Валле сынды тревел-блогерлер бар.

Саяхатшы блогерлер Қазақстанның көрікті жерлерін фотоға түсіріп, таспалап, ел жүрегі - Астанадан Шымкентке табан тіреп отыр. Қалаға блог-тур жасап, шаһардың әлеуметтік, экономикалық әл-ауқатын көрді, туристік әлеуетін бағамдады.

- Шымкент - жасыл қала атына сай үлкен әрі халқы көп қала екен. Бізді таңғалдырғаны - үшінші мегаполис жұртының әдебі мен мәдениеті, қонақжайлылығы. Тарихтан сыр шертетін нысандар да жоқ емес, құндылықтар сақталғаны көрініп тұр,-дейді олар.

Айтып өтейік, еліміздің кірмелік туризмін дамыту аясында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы дүние жүзі елдерімен байланыс орнатып, роуд-шоулар ұйымдастырып келеді.

Осының нәтижесінде биыл мегаполиске жүзден астам тревел блогер саяхаттап келсе, е-qonaq жүйесімен тіркелген туристер саны 33 мыңға жуықтаған.

Қазақстандағы туризм қазіргі таңда елеулі басымдық берілген, жыл сайын даму қарқын алып келе жатқан перспективалы сала. Ресми статистика бойынша, Қазақстанға келуші туристер саны бойынша 20 өңірдің ішінде Шымкент алғашқы үштікке ие болып отыр. Әсіресе, Шымкент - республикалық маңызы бар үшінші мегаполис ретінде инвестициялық ахуалға ие болу нәтижесінде қалаға келуші туристердің саны да жыл санап артуда. 2022 жылы қаламызда түрлі ас мәзірін ұсынатын бірқатар мейрамханалар, туристік ұйымдар, спорттық кешендер, сауда үйлері  ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Олардың қатарында Бозжыра, Apple Tree, On Fit, world class, Дур плаза, CIT travel және басқалары бар. Сонымен қатар, шетел инвесторлары да қаланың дамуына өз үлестерін қосып, туристік бизнес саласына инвестиция құюда. Туристік қызметті одан әрі ынталандыру мақсатында кәсіпкерлерге мемлкеттік қолдау шаралары ұсынылып, көмек көрсетілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер