Белсенділер еңбек ардагерін құттықтады

38.jpg 

Шымкентте «AMANAT»  партиясы филиалының «Мирас» бастауыш партия ұйымының белсенділері 72 жастағы Төлеген Сапарұлының шаңырағында болып, еңбек ардагерін Республика күнімен құттықтады. Бұл туралы партияның Шымкент қалалық филиалы хабарлады. 

Төлеген ақсақал - саналы ғұмырын құрылыс саласына арнаған азамат. Кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы күріш өсірумен айналысқан шаруашылықтардың иригациялық жүйелерін салып, әлеуметтік нысандарын тұрғызған. Ол еліміздің тәуелсіздік алған жылдары Шардара ауданында құрылыс жүргізген ірі мекемені басқарды.

Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған еңбек ардагері немерелеріне өзінің еңбек еткен өмір жолдарын айтып, оларды адал еңбек етуге тәрбиелеп отыр.

Мереке күнімен құттықтап келген белсенділерге өз ризашылығын жеткізген қария, ұлттық мереке - 25 қазан Республика күнінің еліміз үшін маңызды күн екеніне тоқталып, бұл мерекенің – азаматтық келісім мен ұлттық бірлесудің, елдің бүгіні мен ертеңі үшін ортақ жауапкершіліктің мерекесі екенін айтты.

Төлеген Сапарұлы бүгінде Мирас тұрғын алабындағы ақсақалдарды біріктіретін кеңесті басқарады. Ол «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалына қарасты «Мирас» бастауыш партия ұйымымен тығыз байланыс орнатқан. Ауылдағы әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуге атсалысып жүр.

«Мирас» бастауыш партия ұйымының белсенділері ардагер ақсақалмен емен- жарқын әңгімелесіп, мерекелік сыйлықтарын табыстады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер