Шымкент тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада көптеген кешенді жобалар қолға алынған. Осы орайда «Қауіпсіз қала» жоба аясында тәртіп сақшыларының қатарын толықтыру үшін көмекшілер тарту жөнінде шешім қабылданған. Қоғам тыныштығын сақтауға полицейлермен бірге қала тұрғындары да жәрдемдесуде.
Жуырда Шымкентте осы аталған қоғамдық көмекшілер мен үздік сақшылар марапатталды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаменті хабарлады.
Бүгін, қалалық полиция департаментінде өткізілген жедел жиынға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бір кісідей ат салысып жүрген, халық арасынан шыққан белсенді азаматтар мен марапатқа лайық бірқатар тұлғалар қатысты.
Оның ішінде, жергілікті тұрғынның жеке құжаттары мен ақшасы салынған әмиянды полиция арқылы иесіне қайтарған дүкен күзетшісі Ворошилов Владислав бар.
Полиция генерал майоры Думан Таев қоғамдық көмекшілерге шаһардағы тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хаттар табыстады. Адалдығымен ерекше көзге түскен жас жігітке де алғыс хат пен қол сағат тарту етті.
Сондай-ақ, жиын барысында жыл басынан бері атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша ерекше көзге түскен қызметкерлерді де назардан тыс қалдырмады.
Атап айтқанда, автокөлікті масаң күйде басқарып, полицияның заңды талаптарын орындаудан бастартқан азаматты ұстау кезінде, қауіп-қатерге қарамастан жедел әрекет еткен ППП-нің қызмет инспекторлары Аманат Галиден, Данияр Мырзабек және Жанұр Шәріп марапатталды.
Марапаттау рәсімінен кейін жергілікті азаматтар полицияның қиын да, қауырт қызметтіне толғалай табыс тіледі.