Испиджабтың дәуірлеу уақыты IX ғ. басталады

48.jpg 

Сайрам қаласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қалалық мәдениеттің ірі ескерткіші және қазіргі елді мекен болып табылады. Ол ортағасырлық жазба деректер бойынша белгілі Испиджаб қаласымен баламаланады. Қазіргі уақытта Сайрам Шымкент қаласының құрамына жеке ықшамаудан ретінде кіргендіктен, соның аумағында орналасқан.

old.archaeology.kz  порталының жазуынша, мұсылман әлемінің қиыр шығысында орналасқан Испиджабтың дәуірлеу уақыты IX ғ. басталады. Әл-Белазуридің мәліметіне сәйкес, бұл – саманидтер әулетінің өкілі Нұх ибн Асадтың Қазақстанның оңтүстігіне жасаған жорығынан кейін болған. Ол туралы былай деп жазылған: «…Испиджабтың бекінісін алу ежелде болды, кейін оны түріктер және олар- мен бірге Шаш тұрғындарының бір топ адамдары иеленіп алды, сосын оны әл-Мутасим Биллах әмірдің діндар халифатындағы Нух ибн Асад жаулап алып, оның айналасына жүзімдігі мен егістігін тұрғындарымен бірге қоршаған қабырға тұрғызды».

IX ғ. екінші жартысында жазылған Әл-Белазуридің шығармасындағы Испиджабтың жаулап алуына байланысты оқиғалар жөніндегі мәліметтер 833–844 ж.ж. жатады деген мәтін мазмұны бойынша осы кезде Қазақстанда ислам діні белсенді тарала бастаған деп айтуға болады.

Нұх ибн Асадтың жорығынан кейін Испиджаб көшпелі дала шекарасындағы ұлы шекара бекінісі мен «дін үшін соғыс орнына» айналады. Испиджаб сол уақытта салықтан босатылған және шын мәнінде еркін экономикалық аймақ мәртебесін алған жалғыз қала болды. Осыған қатысты арабтың ұлы географы әл-Макдиси X ғ. былай деп айтады: «Бұл – шекаралық тамаша аймақ және дін үшін соғыс елі. … Олар құрғақшылық пен харадждың не екенін білмейді [төлемейді]».

Түріктерде исламды қабылдағанға дейін өздерінің құдайлары мен культі болғандықтан, олар бірден емес, тек ғасыр өткенен кейін ғана ескіліктен бас тарта бастайды. Тіпті XIII ғ. басында Якут әл-Хамави өз шығармасында Испиджаб қаласы туралы былай деп жазады: «Не Хорасанда, не Мәуреннахрда Асфиджабтан басқа харадж төлемейтін бірде бір қала жоқ, себебі ол шекаралық ұлы бекініс болғандықтан, оның тұрғындары өзінің хараджын қару мен осы елде болатын шығындарды төлегендігі үшін харадждан босатылды».


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер