Шымкент: Қонаев көшесінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

1.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жол құрылысы нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде бас жоспарға сай салынып жатқан Қонаев көшесінің жалғасында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Бұл құрылыс Бадам көпірінен оңтүстік бағытқа қарай 4,7 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда 2,8-4,7 шақырымдар аралығында жол негіздері салынып, асфальтобетон жабындысының төменгі қабаты жүргізілген. Сонымен қатар, мұнда инженерлік желілер жобаға сәйкес қайта орнатылды.

Құрылыс жұмыстары Бадам өзені арқылы өтетін көпірден Саттарханов көшесіне дейінгі аралықта жалғасуда. Аталған жол бөлігін көлік қозғалысына 5 қарашаға дейін ашу жоспарланып отыр.

Бүгінде Жансүгіров, Анаров көшелерінен Рашидов көшесіне дейінгі аралықта көлік нөпірі көп. Жүріс бөлігі төмен түсіп, шұңқырлар пайда болғандықтан, көлік қозғалысына қауіптілігі ескеріліп, орташа жөндеу жүргізілуде.

Қала басшысы осы аумақта атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын қадағалады. Жобада жол жамылғысын жаңарту, құдықшаларды ауыстыру қарастырылған. Орташа жөндеу жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.

Қала әкімі жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды.

Айта кетері, Қонаев көшесін Ташкент тас жолымен жалғау жұмыстары қаладағы көлік кептелісін азайту үлкен септігін тигізеді. Шымкентте бұған дейін Қонаев-Рысқұлов көшелерінің қиылысында жолайырық салынды. Осындай жолайырықтың құрылысы Бәйдібек би-Арғынбеков көшелірінің қиылысында басталып, аяқталуға жақындап қалды. Мұның бәрі де қала көшелеріне түсетін жүктемені азайтатыны сөзсіз.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер