«Сайрамда бар сансыз баб»

ibrahim_ata.jpeg 

Сайрам қаласы «киелі» мәртебесін әлі күнге дейін сақтап, Қазақстанның зиярат ететін ірі нысандарының бірі болып келеді. Сайрам тұрғындарының: «Сайрамда бар сансыз баб» деп айтуы кездейсоқ емес.

old.archaeology.kz  порталының жазуынша Сафи ад-Дин Орын Қойлақының XIII ғ. екінші жартысымен мерзімделетін «Насабнаме» шығармасы Испиджабты арабтардың жаулап алу қарсаңындағы діни-этникалық ахуалын әлдеқандай шамада жарыққа шығарады. Нақтырақ айтқанда, онда Ысқақ баб (сириялық қолбасшы және Қазақстанның оңтүстігінде ислам дінін таратушылардың алғашқыларының бірі іспетті) Сайрамға келгенде ол жерде бір билеуші болғандығы айтылады. Оны Көркөз деп атайды, лақап есімі – Нахибдар. Сайрам иелігінде 160 мың тарса үйі және 300 мың рустак болды. Олардың бәрі – тарса. Нахибдар оның 70 әулетінің ата тегі тарса болғандығын Ысқақ бабқа айтады. Бұл шығармадағы көптеген мәліметтер – бірыңғай аңыздық сипатқа ие. Ал саны болса, асыра арттырылғандығы сөзсіз. Дегенмен тарса туралы мәтіннен алынған мәліметтер көңіл аударуға лайықты және олар Сайрамда христиандық қауымдастықтың өмір сүруі мүмкін екендігін көрсетеді. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша тарса термині Азияда кең тараған христиандық топтың анықтамасы болып табылады.

Сайрамда Жаңа Өсиеттегі Иса пайғамбардың анасы Дева Мариямен теңестірілетін Мәриям бибі қабірінің бар болуы ерте кезеңде Испиджабта христиандық қауымның (немесе қауымдардың?) болғандығын көрсетеді.

Испиджабтағы исламға дейінгі культ қандай сипатта болуы мүмкін? Олардың атауларында інжілдік тақырыптар шет қалмайды. Орта Шығыс және Орталық Азия аймағына христиандықтың таралуы исламның әлемді дін ретінде қалыптасуына дейін басталғандығы белгілі. Ақырында исламға дейінгі культтер өзара қандай болса, ортодоксалдық исламмен де сондай шырмалады, тіпті Қызыр культі сопылық түрді анық қабылдаған.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер