Дәстүрлі жарыстың ауқымы кеңейіп келеді

15.jpg 

Шымкенттегі Жеңіл атлетикалық манеж спорт кешенінде академик Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнир басталды. Бұл туралы Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Биыл 29-шы рет ұйымдастырылған жарыста еліміздің барлық өңірінен және Қырғызстан, Өзбекстан республикаларынан, жалпы 240 спортшы бақ сынап жатыр.

Сайыстың ашылу рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов шаһарда грек-рим күресі қарқынды дамып жатқанын, спортшыларға жағдай жасауда жүйелі жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.

-Академик Мардан Баймырзаұлы еліміздің өркендеуіне, спорттың дамуына айрықша үлес қосқан тұлға. Қаншама спорт саңлақтары мен шәкірттер даярлап, өшпес із қалдырды. Дәстүрлі сайыстың жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келеді. Шымкент қаласының балуандары да биыл Азия ойындарында жүлделі орындарды иеленді. Шаһарда спортты қолдаудағы жүйелі жұмыстар одан әрі жалғасын табады, - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Думан Зекенов турнирдің тарихына тоқталып, балуандарға сәттілік тіледі.

Шаһарда грек-рим күресі қарқынды дамып келеді. Биыл Шымкент қаласының балуандары Мейіржан Шермаханбет пен Әлімхан Сыздықов Азия ойындарында жүлдегер атанған болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер