Шымкент: Жылу төлемақысы 1 қарашадан есептеледі

18.jpg 

Шымкентте 2024 көпқабатты тұрғын үй жылу жүйесіне қосылды. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбекұлы айтты.

Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтың 2023 жылғы 19 қазандағы №78 Өкіміне сәйкес, жылу беру маусымы 20 қазаннан басталды. Алайда, жылу есептегіш құралы бар тұтынушыларға 20 қазаннан бастап тұтынылған жылуға төлем ақы жүргізіледі, ал жылу есептегіш құралы жоқ тұтынушыларға 1 қарашадан бастап төлем ақы жүргізілетін болады.

Қазіргі кезде қалада «3-Энергоорталық» АҚ-да (ТЭЦ-3) №1, №2 қазандықтар жұмыс істеуде, №3 қазандық резервте, №1, №2 турбогенератор 128 МВт электр қуатын өндіруде. Мекеменің резервтік отынға қажеттілігі 10,7 мың тонна. Өткен жылу маусымынан соң 9,7 мың тонна резервтік мазут бар, қосымша 1 мың тонна мазутты қараша айында алу жоспарлан жоспарланып отыр.

Бүгінде «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты 23 қазандық пен 17 сорғы станциясы бірқалыпты жұмыс атқаруда.

«Бүгінде қаладағы 2076 көпқабатты тұрғын үйдің жылуға қосылғаны 2024 үй қалған 52 үйді жылуға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Үйлерді жылуға қосу кезінде айта кететін жағдай, «Қуатжылуорталық-3» МКК-ны жүйесіне қосылған көппәтерлі үйдегі элеватордың бірінші торабына дейін ғана жылумен қамтамасыз етуге жауапты,»-деді спикер.

Ал, тұрғындар үйдің ішкі жылу жүйесіне қызмет көрсететін жеке сервистік мекемелермен келісім-шартқа тұрып, тозығы жеткен құбырларды ауыстыру және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу қажет.

Сондай-ақ, жылу берілген үйдің пәтер иелері жоғарғы қабаттан немесе пәтер ішінен ауа шығару жұмыстарын жүргізу қажет.

Бұдан бөлек, сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісім-шартқа тұрмаған көпқабатты тұрғын үй тұрғындары жарамсыз құбырлары мен тағы басқа материалдарын қамтамасыз еткен жағдайда «Қуатжылуорталық-3» МКК-ны тиісті жұмыстарды атқаруға дайын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер