Шымкент: Өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды

29.jpg 

Шымкентте стратегиялық маңызы бар нысандардың да құрылысы қарқынды.  Шымкенттің  әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам шағынауданында салынып жатқан және әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылысы біткен деполардың жұмысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімшілік-іскерлік орталықтағы нысан заманауи құрылғылармен және халықаралық стандарттарға сай техникамен жабдықталған.

Құрылысы толығымен аяқталып отыр. 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депода қызметкерлердің нәтижелі жұмыс істеуіне әрі тынығып, демалулары үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін ыңғайлы қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар қарастырылған. Сыртқы аумақта кәсіби дағдыларын машықтандыруға арналған оқу-жаттығу мұнарасы, спорт алаңдары да бар.

Ал Сайрамдағы депо жұмысы 30 пайызға орындалды. Мұнда да қойма, оқу жаттығу мұнарасы, жүгіру жолағы, автотұрақ қарастырылған. Озық үлгіде жабдықталатын ғимаратта өрт сөндіру көлік үй-жайлары, әкімшілік кабинеттер орналасады. Нысан құрылысы келесі жылға өтпелі.

Қала әкімі ғимараттарды аралау барысында жауапты басқарма басшыларына әрбір жұмыстың сапалы атқарылуын және мерзімінде аяқталуын нықтап тапсырды.

Айта кетейік, жаңа депо өрт сөндіру бөлімшелерінің жеделдігі мен ұтқырлығын арттыруға және материалдық залал мен адам шығынын азайтуға айтарлықтай мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, Шымкенттегі Ақжайық шағын ауданында 5 қабатты 26 көппәтерлі және 9 қабатты 9 үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл аймақтан жоспар бойынша 35 үй салынуы тиіс.

Қазіргі таңда 58,1 мың шаршы метрді құрайтын 780 пәтерлі нысанның бірінші қабаты қалануда.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ақжайыққа барып, тұрғын үй құрылысының жұмыс сапасын көрді. Жауапты мердігер мекеме басшысымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.

“Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылы аяқталып, пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға мерзімінде тапсырылуы тиіс. Осы жағын бақылауға алыңыздар”,-деді қала әкімі жауапты басқарма басшыларына.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер