Жаңа Оқушылар сарайында 6 бағыт бойынша білім беріледі

30.jpg 

Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы Қала күніне орай жаңадан ашылған №2 Оқушылар сарайының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында баспасөз-турын ұйымдастырды.

«Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 наурыздағы №642 қаулысына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасының «№2 Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны құрылып, ағымдағы жылдың 25 шілдесінен бастап өз жұмысын бастады.

Қосымша біліммен қамтудың мақсаты – баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуын жүзеге асыруына жағдай жасау, адамгершілігі үйлесімді дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны тәрбиелеу, балаларды экологиялық мәдениетке баулу, оларды табиғат қорғау қызметіне тарту, қоғамдағы өмірге бейімдеу, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру болып табылады»,- деді мекеме басшысы Данияр Дүйсенбайұлы Егізбаев іс-шара барысында берген сұхбатында.

Бүгінгі таңда, оқушылар сарайында 6 бағыт бойынша 65 үйірмеге 4590 бала қатысуда.

Материалдық-техникалық базасы білім беру мекемесінің мақсаттары мен міндеттеріне, санитарлық, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін №2 Оқушылар сарайы ғимараты 2023 жылы салынған. Үш қабатты типтік ғимарат жеке абаттандырылған, аумағы қоршалған жер учаскесінде орналасқан. Орталықта 232 оқу кабинеті, жабық бассейн, футбол, баскетбол және ашық спорт алаңдары, кітапхана, медициналық пункт бар. Аумақтың периметрі бойынша сыртқы электр жарығы орнатылған. Жалпы жобалық қуаты 500 оқушыға есептелген Оқушылар сарайы ғимараты орталықтандырылған инженерлік желілерге (суық сумен жабдықтау, кәріз) және орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған.

- Аз ғана уақыттың ішінде біздің 11 оқушымыз республикалық жарыстардан бас жүлде алып келсе, 16 оқушымыз 1-орынды, 23 оқушымыз 2-орынды иеленді, ал қалалық деңгейдегі жарыстардан 46 оқушымыз 1-орын, 23 оқушымыз 2-орын алып қуанып жатқан жағдайымыз бар,- деген Данияр Дүйсенбайұлы жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы да айтып өтті.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер