Қызылшадан қорғанудың баламасыз жолы-вакцина

31.jpg 

 Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызы Тұрымбетова қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпартпен бөлісті.

«Биыл күн сайын тұрғындар арасында қызылша аурушаңдығының таралуы белең алып, өршуде. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді, сенімді және баламасыз жолы - вакцинация. Қызылшаға қарсы егу – вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін тұрақты қорғайтын иммунитет қалыптастырады. Қызылшаға қарсы әлсіздетілген (аттенуирленген), лиофилизацияланған тірі вакцинаны тек дені сау кезде егеді! Қызылшамен ауырған адамның иммунитеті ұзақ мерзімге сақталады және егілмейді»,- деді А. Тұрымбетова.

Ағымдағы жылдың басынан берігі аралықта Шымкент қаласында қызылшаның 4795 жағдайы тіркеліп, 2026 жағдайда аталған диагноз расталған.

Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны 4022 жағдайды құрады.

Айта кету керек, ауырған балалардың ішінде 90,2% вакцина қабылдамаған, оның ішінде 15,98% бала егу жасына жетпеген болса, медициналық шегерімі бар балалар 3,85%, діни көзқарасына қарай егілмеген 32,0%, жеке наным сеніміне қарай 10,4%, вакцинаға деген сенімсіздік салдарынан егілмегендер саны 5,5% болса, 22,2% жағдайда баланың егулері туралы мәліметі белгісіз болған. Сонымен қатар, 12,9% бала қызылшаға қарсы 1 және 2 реттік егулерін алған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер