«Zhas Project» жобасының жеңімпаздары белгілі болды

36.jpg 

     Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысы бойынша 25 қыркүйекте іске қосылған «Zhas Project» жобасының «Шағын гранттар» конкурсының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Оған Жастар ресурстық орталығының басшының орынбасары Дінмұхаммед Қанатұлы, «Қорған-М» ҚБ басшысы Диана Қырғызбаева мен жобаға өтінім білдірген жастар қатысты.

«Zhas Project» жобасы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржылық қолдауымен үкіметтік емес ұйымдар үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік грант шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл – ең бірінші кезекте NEET санатындағы жастарға арналған.

Батыс Қазақстан және Шымкент қаласы бойынша жалпы 84 өтінім түскен. Оның ішінде 35 өтінімді шымкенттік жастар құраса, қалғаны БҚО-ның жастары болып табылады. Конкурстың қорытындысы бойынша Шымкент қаласынан 20, БҚО бойынша 8 шағын грант иегерлері анықталды.

Жоба - 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қазанына дейін іске асырылады. 2024 жылдың көктемінде гранттардың екінші циклы өтетін болады. Оған NEET санатындағы жастар үшін жыл сайын 1 000 000 теңгеге дейінгі сомада 28 грант бөлу жоспарланған.

Еске сала кетейік, «Zhas Project» жобасы жөнінде 9 қазан күні Ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте айтылған болатын. Жоба - шағын гранттар конкурсы туралы ереженің 3-тармағы бойынша жүзеге асырылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер