Шымкент қаласында биыл ауыл шарушылығы бағытында 27,5 мың гектар иегіріліп, дәнді дақылдардың тұқымы себілген болатын. Егінді әртараптандырудың нәтижесінде дәнді-дақылдар — 11,4 мың гектарға, майлы дақыл — 3,6 мың, мал азықтық дақылдар — 8,9 мың , картоп — 0,5 мың, көкөніс және бақша дақылдары — 3,1 мың гектар жерге егілді. Осы егін алқаптарынан бүгінге дейін 87,2 мың тонна өнім жиналған. Бұл жөнінде қаланың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлімдеді.
Тарқатып айтсақ, жиналған өнімдердің 16,9 тоннасы дәнді дақыл, 2,9 мың тоннасы майлы дақыл, 42,5 мың тоннасы бақша және көкөніс өнімдері, 5,7 мың тоннасы картоп және 19,2 мың тоннасы мал азықтық өнімдері екен.
Қаланың ауыл шаруашылығына жауапты басқарманың дерегінше, шаһар маңындағы мал шаруашылығында өсім байқалған. Ірі қараның саны – 62,9 мың бас, қой, ешкі — 77,6 мың, жылқы — 10,6 мың, құс — 930 мың басқа жетіпті. Нәтижесінде өнімділік 8,1 пайызға өсіп, 6,4 мың тонна ет, 46,1 мың тонна сүт, 125,1 млн дана жұмыртқа өндірілді.
Биыл қалада құны 15,0 млрд теңгені құрайтын 16 жобаны іске асыру арқылы 262 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланыпты. Осы жалдың 9 айында жалпы құны 8,1 млрд. теңгеге 3 сүтті қайта өңдеу кәсіпорыны мен 4 мал бордақылау алаңы, 3 тауарлы сүт фермасы және 1 жылыжай кешені іске қосылып, 111 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде ЖК «Нұрсұлтан», «Golden cheese» ЖШС, «Izmir trade» ЖШС, ЖК «Алданғаров», ЖК «Эгамназаров», КХ «Райым ата», КХ «Исаев Д», КХ «NN Agro», «Татьяна» ЖК, «Атакай» АӨК және «Шадимат» КХ секілді шаруақожалықтар бар.
Осылайша жыл басынан ауыл шаруашылық басқармасының негізгі капиталына 5,9 млрд теңге, тамақ өнімдеріне 2,2 млрд теңге инвестиция тартылған.
«Шымкент келбеті»