Шымкентте «Сұңқар» жастар денсаулық орталығы ашылды

34.jpg 

Елдің ертеңгі тұтқасы жастардың денсаулығы қай кезде де маңызды.  Шымкент қалалық №3 емханасы жанынан «Сұңқар» Жастар денсаулық орталығы ашылды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Мұнда 10-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар мен 18-29 жас аралығындағы жастарға репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша тегін консультативтік, медициналық-әлеуметтік, заңгерлік қызметтер көрсетіледі.

Жастар орталығын ашудың негізгі мақсаты — жасөспірімдердің, жастардың денсаулығын сақтау және әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

«Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының төрағасы Төлебай Рахыпбеков мұндай орталықтардың маңызы зор екенін атап өтті.

—Қазіргі уақытта жастардың арасында мәселе өте көп. Соларды шешу үшін осындай орталықтар ауадай қажет. Мұнда бәрі құпия түрде. Мұнда жастарға сенімділік және мейірімді көзқарас тұрғысынан көмек беріледі. Қазір еліміздің әр аймағынан осындай мекемелер көптеп ашылуда, — деді Т.Рахыпбеков.

Орталықта емдеу-диагностикалық қызметі, мамандардың қабылдауға арналған кабинеттері, тренингтер өткізуге арналған зал қарастырылған.

Айта кетсек, Шымкент қаласында бүгінде жалпы 5 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Олар №3, №6, №7, №13 және Даумед мекемесінде орналасқан. 2023 жылдың 9 айында Жастар денсаулық орталығының көмегіне 6411 пациент жүгінген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды
  • Үшінші мегаполисте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
  • Таңмен таласа оянатын мамандар
  • В Шымкенте члены АНК поддержали 532 школьника в рамках акции «Дорога в школу»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер