Қызылшаның инкубациялық кезеңі 10-14 күнге созылады

33.jpg 

Қызылша энантемалармен сипатталатын жедел жоғары контагиозды ауру есептеледі. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бақтығали Ережепов айтты.

«Қызылша- парамиксовирустармен қоздырылытын, ауа-тамшылы механизімі арқылы берілетін, клиникасы циклді ағымымен,қызбамен, интоксикация белгілерімен, катаральді синдроммен, макулопапулезді бөртпемен, және ерекше энантемалармен сипатталатын жедел, жоғары контагиозды жұқпалы ауру.Қызылшаның болжамды жағдайларында безгек, жоғары тыныс алу жолдарының қабынуы, конъюнктивит, Бельский-Филатов-Коплика дақтары, кезеңмен пайда болатын дақты –папуллезды бөртпелер пайда болады», - деді бас дәрігер.

Қызылша ауруының ықтимал жағдайында: болжамды жағдайдағы клиникалық көрініс, қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағадай, қызылшамен ауыратын адаммен қарым-қатынаста болу, қызылшаға қарсы екпенің болмауы.

Ауру расталған жағдайда ИФА мен ПЦР оң нәтиже көрсетеді.

Инкубациялық кезең орта есеппен 10-14 күнге созылады.

Пациенттер әдетте бөртпе пайда болғанға дейін шамамен 4 күн бұрын және пайда болғаннан кейін 4 күнге дейін қызылша вирусының тыныс алу жолдарында ең жоғары концентрациясы кезінде жұқпалы болады.

Ағымдағы жылдың басынан берігі аралықта Шымкент қаласында қызылшаның 4795 жағдайы тіркеліп, 2026 жағдайда аталған диагноз расталған.

Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны 4022 жағдайды құрады.

Айта кету керек, ауырған балалардың ішінде 90,2% вакцина қабылдамаған, оның ішінде 15,98% бала егу жасына жетпеген болса, медициналық шегерімі бар балалар 3,85%, діни көзқарасына қарай егілмеген 32,0%, жеке наным сеніміне қарай 10,4%, вакцинаға деген сенімсіздік салдарынан егілмегендер саны 5,5% болса, 22,2% жағдайда баланың егулері туралы мәліметі белгісіз болған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер