Шымкент: Қызылшаға қатысты штаб отырысы өтті

40.jpg 

Бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде қызылша белең ала бастады. Инфекциялық ауруды жұқтырғандар қазір Шымкент қаласының білім беру ұйымдары мен балабақшаларында да көбеюде. Жұқпалы дерттің таралуын алдын алу мақсатында бүгін қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың төрағалығымен штаб отырысы өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2023 жылдың наурыз айынан бері қала бойынша 4795 қызылшаға күдікті дерек тіркелген. Оның ішінде 2026 жағдайда диагноз расталды. Науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар 86% құрайды, олардың 89,6%-дан астамы діни себептермен ата-анасының бас тартуына байланысты қызылшаға қарсы вакцина алмағандар. Қызылша ауруының өсу қарқыны биылғы жылдың қыркүйек айының ортасынан басталды», - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қала аумағындағы қызылша ауруы бойынша эпидемиялогиялық ақуалды баяндап, инфекцияға тосқауыл болатын тиімді жолдарды ұсынды.

Жиын соңында қала әкімінің бірінші орынбасары жауаптыларға эпидемиямен күрес шараларын тиісті талаптарға сай атқарып, профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Бұған дейін белгілі болғандай, бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 238 пациент стационарлық емделуде, жағдайлары тұрақты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап Шымкент қаласы бойынша қызылшаға күдіктенудің 4795 жағдайы тіркеліп, оның 2026 жағдайда диагноз расталды.

Науқастардың ішінде балалар 84% құрайды, олардың 90%-дан астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған, оның ішінде 32% ата-аналардың діни себептермен бас тартуына байланысты.

Бүгінде Шымкент қаласының тұрғындары арасында қызылшаның таралуына жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қабылданды.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер