Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық- коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қ аласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Кеуенова Мөлдір Тұрсынбекқызы "Жасыл ел" жобасы аясында уақытша жұмыспен қамтылған жастар туралы ақпаратпен бөлісті.
Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бағытындағы волонтерлік қызметтің рөлін арттыруға және дамытуға бағытталған «Birgemiz», «Bilim», «Менің жасыл қалам», «Birgemiz: Asylmura», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Барыңмен бөліс» жобалары жүзеге асырылуда. Осы іс-шаралар аясында оңалту орталықтарына, бейімдеу орталықтарына, қарттар үйлеріне және әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде қала бойынша волонтерлік бағытта 261 іс-шара ұйымдастырылып, 20 000 астам жас волонтерлер қамтылған. Сондай-ақ, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, «Жасыл ел» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 1500 жас уақытша жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, жастардың әскери-патриоттық рухын қалыптастыру бағытында «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы, «Отаныма қызмет етемін!», «Отанды қорғау – қастерлі міндет!» атты іс-шаралар өткізіліп, оған 8596 жас қамтылды. «Жас сарбаз» оқушы жастарға 2 күндік әскери-патриоттық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, шамамен 500-ге жуық оқушы жас қамтылды.
Қазіргі таңда жастар арасындағы ең өзекті мәселенің бірі - есірткі және психотропты заттардың белең алуы.
Аталған мәселе бойынша, басқарма тарапынан нашақорлық пен маскүнемдіктің зияндығын насихаттау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Сондай-ақ, «Түнгі қаладағы жастар», «Жасөспірім», «Көше» атты іс-шаралар аясында кең ауқымда жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен жастардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта көшеде, ойынханаларда, түнгі клубтарда, т. б. жерлерде жүруін тексеріп, алдын алу мақсатында 14 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.