«Жаңа өмір» психологиялық көмек көрсетеді

2.jpg 

Шымкентте жыл басынан бері жастар арасында психо-профилактикалық жұмыстар атқару барысында келеңсіз жағдайға тап болған жастарға психологиялық қолдау көрсету бағытында 152 іс-шара ұйымдастырылып, 54950-ге жуық жас қамтылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық- коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Мөлдір  Кеуенова атап өтті.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында, маргиналды жастарға арналған «Жаңа өмір» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында пробация есебінде тұрған 700-ден астам жасқа айына бір рет жеке психологиялық көмек көрсетіліп отырады. Осы бағытта әлеуметтік зерттеулер, семинар-тренингтер өткізілуде. Сондай-ақ кіші футболдан турнир ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Сонымен қатар, «Жастар арасында суицидке жол бермеуді насихаттау жөніндегі іс-шаралар кешені», «Қиын өмірлік жағдайларға тап болған жастар мен жасөспірімдерге жеке психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру» жобалары жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жыл соңына дейін шамамен 58 000 жасты қамту жоспарланған.

Сонымен қатар, жастар арасында құмар ойындарының зиян екендігін насихаттау мақсатында «Құмар ойынға құмартпа», «Құмарсыз қоғам», «Лудомания — қоғам дерті», «Құмар ойын әдет емес, дерт» тақырыптарында ЖОО-да және ОАОО-мен мектеп қабырғаларында 35 семинар-тренинг өткізіліп, 2600-ден аса жас қамтылды. Бұдан бөлек, республикалық челлендж бен 800-ден аса жасқа ононимді сауалнама жүргізілді.

Бұндай тақырып аясындағы кездесулер мен семинар-тренингтер жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер