Шымкент: «Жайдарманның» жартылай финалы өтті

16.jpg 

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 8 қазан күні басталған «Жайдарман» лигасының жартылай финал ойыны өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, жастарды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, жастар арасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында бастау алған ойында, «Жайдарман» лигасының 1\4 ширек финалынынан өткен 8 команда ойын көрсетті.

Әділ қазылар қатарында Нысана театрының актері, ардагер жайдарманшы Абай Аязбаев, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілхаиров, «Миллион» командасының мүшесі, «Жайдарман» ойындарының 2021 жылғы чемпионы Мансар Орынхан, әнші Әбдіжаппар Әлқожа мен 2021 жылғы жайдарман ойынының жоғары лига чемпионы, «Жездуха» жобасының актері Мақсат Бөбей төрелік етті.

Қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарынан құрылған ойында әділ-қазылар алқасының шешімімен 5 команда финалға жолдама алды.

Жайдарманның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Онда сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтиды. «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер