Шымкентке алты айда 215 мың турист келген

21.jpg 

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша 4 индикаторлық көрсеткіш бекітілген. 2023 жылға бекітілген жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін жалпы қалаға келетін туристер санын 400 мың адамнан асыру жоспарлануда. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Нұрымбетов айтты.

Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы республика көлемінде Астана, Алматы қалаларымен Ақмола облысынан кейін 4-ші орынды иемденіп отыр. Қазіргі таңда 2023 жылдың 6 айлық статситикалық есептік көрсеткіші бойынша қала аумағына 215 098 турист келген.

Шымкент қаласы аумағында 2023-2024 жылдары туризм саласы бойынша жеке инвестиция көлемі 8 млрд. теңгені құрайтын 11 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Сәйкесінше, орташа есеппен 203 жаңа жұмыс орнын ашылады деп күтілуде.

Оңтүстік өңіріне зиярат ету туризмі Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабынан бастау алады. Сайрам тұрғын алабында республикалық маңызы бар Қазақстанның Сакралды географиясына енгізілген 7 киелі нысан орналасқан. Басқарманың басты стандартарының бірі, Қ.А. Ясауи кесенесіне бармай тұрып, ең бірінші Сайрамдағы орналасқан «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелеріне бару қажет, содан кейін Түркістдағы Қ.А. Ясауи кесенесіне бару турларын ұлғайтуда.

Сондай-ақ, 2021 жылы жергілікті меценат есебінен Хызыр Пайғамбар мұнарасына 15,0 млн.тг. қаржыға абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2024 жылы Сайрам тұрғын алабын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз.

Аталған жоспарға сәйкес Қаратау ауданы әкімдігімен 2024 - 2025 жылдар аралығында жылына 80 мыңнан аса зияратшы келетін нысандар Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін 1-ші этаппен абаттандыру көзделген. Қазіргі таңда тиісті министрліктен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ерте жүргізу мәселесі пысықталуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер