Шымкент: Бадам өзенінің жағалауын бекіту жұмыстары басталды

 22.jpg

Бүгінде Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағынан өтетін Бадам өзені жағалауына бетонды дамба қойылып, бекіту жұмыстары басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге осы аумаққа арнайы барып, құрылыс барысын қадағалады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба бойынша 9 шақырымда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Маятас, Тоғыс елдімекендеріндегі тұрғын үйлерді су шаю қаупін алдын алуға бағытталып отыр. Өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына қарай аяқталады.

Шаһар басшысы жауаптыларға жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өзен жағалауын бекіту жұмыстарын сапалы әрі тез орындауды тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков М.Х.Дулати атындағы № 8 мамандандырылған мектеп-гимназиясын аралады.

Үш тілде білім беретін гимназия – мегаполистегі ең үздік мектептердің бірі. Шәкірт санының артуына байланысты білім ғимаратының жанына қосымша оқу корпусы салынып, биыл қыркүйекте пайдалануға берілген. Заманауи талапқа сай салынған 1 100 орындық жаңа нысанда 68 сынып бөлмесі, 250 орындық акт залы, спорт зал және 320 орындық асхана қарастырылған.

Қала әкімі Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына қосымша ғимараттың пайда болуына орай туындаған жылу мәселесін тез арада шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Ал гимназияның ескі ғимаратын келесі жылы күрделі жөндеуден өткізу үшін тиісті жұмыстарды жүргізуді қалалық Білім басқармасының басшысына тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер