Шымкентке туристер көп келетін уақыт-наурыз айы

23.jpg 

Қала туризмін дамытудағы басты бағыттардың бірі-оқиғалы туризм. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Нұрымбетов айтты.

Шымкент қаласына туристер келетін ең көп уақыты ол наурыз айы болып табылады. Жылдың 4 мезгіліне арналған «Наурыз Шымкенттен басталады», «Damdastour», Шымкент марафон, Қошқар ата сейілі, қала күні мерекесі секілді тұрақты іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

«Біз қала туризмін дамытудағы басты бағыттардың бірі ретінде – оқиғалы туризмді дамытуды қолға алып отырмыз. Іскерлік туризм бағытын дамыту бойынша түрлі салааралық халықаралық форумдар, тақырыптық жәрмеңкелер, конференциялар, бизнес өкілдерінің коммерциялық шаралары және съездер өтетін болады. Аталған іс-шаралар қазіргі таңда тұрақты түрде жыл бойына өтуде», -деді спикер.

Сонымен қоса, қала мен облыс аумағында киелі тарихи орындардың сан алуандығы өңірде тарихи-зиярат туризмін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді.

Осыған орай, бұл бағыттар бойынша ұзақтығы 1, 2 және 3 күнді қамтитын турлар әзірленіп, туристерге ұсынылуда. Көрсетілген турпакеттерге Шымкент, Түркістан, Сауран, Отырар қалаларының бірқатар тарихи туристік нысандары енгізілген.

Одан бөлек, Ақсу-Жабағылы қорығына, Сырдария-Түркістан және Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркіне арналған турлар бар және туристік бизнес өкілдіктерімен бірге жаңа турлар қалыптастырылуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер