Биыл Шымкентте шығармашылық саладағы 2523 кәсіпкерлік субъект тіркелген. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Нұрымбетов айтты. Басқарма тарапынан қаладағы креативті индустрияның бүгінгі жағдайына талдау жасалынған.
Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы қалада шығармашылық саладағы 2523 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл қаланың шағын орта бизнес субъектілерінің жалпы санының 1,99 % құрайды. Оның ішінде 489 заңды тұлғалар, 2034 - жеке тұлғалар болып табылады.
Бүгінгі таңда креативті индустрия саласына 12 бағыт бойынша 43 OKEД бекітілген. Сондай-ақ қаладағы креативті индустрия өкілдерімен бірқатар кездесу және талқылау жұмыстарын жүргізіп 4 басым бағытын белгіленген. Олар: кино және анимация – 114 бірлік; дизайн және сән – 156 бірлік; IT және геймдевелопмент – 207 бірлік; халық қолөнері – 1330 бірлік.
Бүгінде әр бағыт бойынша басқарма арнайы серіктестік ұсыныстарын әзірлеп, мүдделі кәсіпкерлердің базасын қалыптастыруда.
Сонымен қатар, IT-технология бағытында «Sifro», кино және анимация бағытында «Mandarin Pictures» және «Sak», «Жанна Елтанованың Сән үйі», «Turan Models» және «Amanat» компанияларымен дизайн және сән үлгісін дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша қалаға келетін қонақтарға арналған креативті тақырыптық маршруттар дайындалып, арнайы буклеттер жасалды.
Нәтиже бойынша ағымдағы жылы кретивті индустрия өкілдерінің тұрақты орналасу базасы бекітілсе, 2024 жылы жылы министрліктің тапсырмасына сәйкес ашылатын болады.