Шымкент қаласы шет мемлекеттердің 13 қаласымен бауырластық байланыс орнатып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының бөлім басшысы Ерболат Оспанов айтты.
Еліміздің кірмелік туризмін танымал ету аясында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы әлемнің түкпір-түкпірімен байланыс орнатып, роуд-шоулар ұйымдастырып келеді. Осының нәтижесінде биыл 100-ден аса арнайы тревел блогерлер мен туристер келген.
«Шымкент қаласы бауырластық қатынастар аясында тиімді негізде сыртқы сауда, инвестициялар, туризм, ауыл шаруашылығы, ғылым мен білім, мәдениет, спорт және өнер саласында ынтымақтастық байланысын күшейтпек мақсатта Түркия, Италия, Ұлы Британия, Қытай Халық Республикасы, Беларусь, Таиланд, Тәжікстан, Қырғыстан, Грекия сынды елдердің 13 қаласымен бауырластық байланыс орнатып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда»,-деді спикер.
Меморандумның негізгі мақсаты - екі ел арасындағы қазіргі достық қатынастарды нығайтуға және экономикалық қызмет субъектілері арасында тікелей байланыстар орнатуға бағытталған, ұзақ мерзімді экономикалық, ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық, мәдени іскерлік және сауда қатынастарын дамытуға көзделеді.