Шымкент: Дағдарыс орталығының қызметіне 600-ге жуық азамат жүгінген

26.jpg 

Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық - зомбылық көрген және адам саудасының құрбаны болған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсететін дағдарыс орталығы қызмет көрсетеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Жыл басынан бері орталықтың қызметіне жалпы 600-ге жуық азамат жүгініп, олардың тең жартысы жатын орынмен қамтылған. Пана тапқандардың 78-і ана, 200-ден астамы бала.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова бүгін аталмыш орталықты аралап, қызмет алушылардың жай-күйімен танысты.

—Отбасының бақыты — татулығы мен ауызбіршілігінде. Өкінішке орай, қыз-келіншектеріміз тұрмыстық зорлық - зомбылық көріп, бала-шағасымен далада қалатын жағдайлардың жиі орын алатыны жасырын емес. Дағдарыс орталығының негізгі міндеті тағдыр тәлкегімен қиындыққа душар болған жандарға әлеуметтік қолдау көрсету.

Сондықтан, мемлекетіміз, еліміз, арқа сүйер қоғам барын ұмытпағайсыздар, — деді басқарма басшысы Балмаржан Полатқызы.

Басқармаға бағынысты «№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» қызмет алушыларға психологиялық, медициналық және әлеуметтік еңбек, құқықтық көмектер сынды 8 түрлі әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мамандардың сүйемелдеуімен қысқа мерзімдік оқу курсын оқып, әрі қарай жұмыс істеулеріне де мүмкіндіктер қарастырылған.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбаны» болғанда немесе оған куә болған жағдайда дағдарыс орталығының қызметіне жүгінуге болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер