Шымкент: Жастарға арналған семинар-тренинг өтті

28.jpg 

Шымкентте Жастар ресурстық орталығы жастар арасында мазасыздық деңгейін диагностикалау, АРТ-терапиялық және психологиялық әдістемелер бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Мақсаты - қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өзін-өзі бағалауды арттыру мен өзіне деген сенімін нығайту болып табылады.

Семинар-тренингте проблема ретінде жастарда арасында көптеп табылатын тұлғалық ерекшеліктер, сенімсіздік, қорқақтық, жалқаулық сынды жағымсыз мінез-құлықтардан арылу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қарым-қатынасқа байланысты проблемалар мен дағдыларының жеткіліксіз болуы, адамдармен тіл табыса алмау, тұйықтық секілді түрлі жағдайлардың шешімі қарастырылып, тақырып аясында арт-терапиялық ойындар ойнатылды.

Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы – ұлттық тәрбиеде» тақырыбында Индустриалды-техникалық колледжі жастары арасында кездесу өтті.

Оған Шымкент қаласы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» маманы Майра Ильясова қатысты.

- Отбасы және отбасының құндылығы қай заманда болмасын бір-бірімен етене тығыз байланысты ұғымдар. Отбасы – өмірдің есігін ашқан жаңа адам үшін алғаш мектеп болып табылады. Сол үшінде бала үшін отбасының орны ерекше болады, - деді Майра Ералиқызы.

Сонымен қатар, спикер жастарды бос уақытында білім мен спортты жанына серік етуге шақырды.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер