Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Достық, Бозарық шағын аудандарында ішкі кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Абай ауданы әкімі Бұқарбай Парманов айтты.
Абай ауданына қарасты 27 елді мекеннің 7-і кәріз жүйесімен қамтылған. Биылғы жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:
Достық шағын ауданының ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары мен Бозарық шағын ауданында 74 га. жерге орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер аумағына кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды.
Ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын Шымсити-Төлеметов колектор құрылысы мен ұзындығы 20,5 шақырымды құрайтын Тұран-А-2 тас жолы колекторының құрылысының жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Ал, Асар-2 шағын ауданыныда құрылыс жұмыстары басталып, қазіргі таңда, Сот шешіміне сәйкес тоқталыған.
2025 жылы Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс, Ынтымақ елді мекендерін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстарын бастау жоспарлануда.Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өсетін болады.
«2022 жылға дейін Абай ауданындағы 160 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 12,5 пайызға жеткен болатын. Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 33 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл қортындысымен қамту көрсетікші 15,1 пайызға жететін болады.
Сонымен бірге, тұрғындар 17 көшеге өз есебінен жарық шамдар орнатып, жарық жүйесіне қосылды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады»,-деді Бұқарбай Парманов.
Бүгінде Абай ауданы аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды. 2023 жылы 57 көшеге асфальт төсеу жоспарланған болса, қазіргі таңда 51 көшенің асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы аудан бойынша 57 шақырымды құрайтын топырақ жол бар. Ағымдағы жылдың бірінші кезеңінде 7 елді мекендегі 21 көшеге (11,3 шқ), 2 кезеңде 5 елді мекендегі 20 көшеге (18 шқ) шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.