Шымкентте «Қолжетімді интернет» жобасы жүзеге асуда

загруженное.jpg 

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі биылдың 10 айында 8 рет тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, халықпен кездесулер өткізген.  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Абай ауданы әкімі Бұқарбай Парманов айтты.

Мемлекет басышысының 2022 жылғы №826 Жарлығына сәйкес аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі жаңа форматта өтуде.

Абай ауданының әкімі 2023 жылдың 10 айында 8 рет тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап халыпен кездесулер өткізді. Бүгінде есеп берудің жаңа әдісі өзінің қажеттілігі мен тиімділігін көрсетіп отыр.

Жалпы кездесулерде аудан тұрғындарынан 205 ұсыныс-пікір түсті. Бүгінде 80 мәселе қаралып, шешімін тапса, 65 сұрақ бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал, 60 мәселені шешу 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қолжетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасы аясында мобильді интернет желісімен қамту үлесін жоғарылату үшін 2023 жылы 9 елді мекенге базалық станция орнату жұмыстары жүргізілсе, 2024 жылы 4 елді мекенге базалық станция орнату жұмыстары жоспарлануда.

Сонымен қатар, аталған Жоба аясында 2023 жылы Абай ауданына қарасты 6 елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Талшықты оптикалық интернет желісін 2024 жылы 3 елді мекенге, 2025 жылы 6 елді мекенге жүргізу жоспарлануда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер