«Қазақстан-Түрік жастар көпірі» форумының делегаттары Шымкентке келді

35.jpg 

 Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 7-10 қараша аралығында «Қазақстан-Түрік жастар көпірі» форумы өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Форумның мақсаты - Қазақстан мен Түркияның жастар ұйымдары арасындағы қарым-қатынасты нығайту, диалог және пікір алмасу арқылы қазіргі жастардың ортақ тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру, мәдени даму саласындағы жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Түркия Республикасынан елімізге 20 делегат келіп, Түркістан қаласында басталған форумға қатысты.

Қандас бауырлардың кезекті сапары – шырайлы Шымкент қаласында жақында ғана қолданысқа берілген - Оқушылар сарайының жұмыс барысымен танысудан басталды. Заманауи үлгіде бой көтерген сарайдың 3 қабатында орналасқан бөлмелердің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының тарихынан сыр шертетін – Шымқала этно ауылына экскусия жасады.

Ал, 10 қараша күні қаланың танымал символына айналған – Бәйдібек би алаңы мен саябақтардағы ескерткіштермен танысатын болады.

Айта кетері, жуырда  мемлекетіміздің Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас ел Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, Шымкенттегі  11 шағынауданда орналасқан саябаққа «Қазақстан–Түркия достығы» атауы берілген болатын. Ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Эврен Мюдеррисоглу, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Саябақта серуендеуге қолайлы жағдай жасалған. Жер көлемі – 1,6 гектар. Саябақтың құрылысы 2022 жылы аяқталған.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер