Шымкент пен Астана. Қос шаһардың іскерлік байланысы нығайды

20180728234234.jpg  

Елорданың 20 жылдығына арналған іс-шара аясында Шымкентке Астанадан іскерлік делегация келді. Шымқаладағы жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысқан делегация мүшелері одан кейін «Астана – Шымкент өңіраралық байланысы» бизнес-форумына қатысты. Қалалық әкімдікте өткен жиында астаналық қонақтар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысты. Форум аясында іскерлік топтар мен даму институттары, мемлекеттік орган өкілдері кәсіпкерлікті қолдауға арналған аймақтық бағдарламаларды, инвестициялық мүмкіндіктер мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын, Smart City концепциясын, экономиканы цифрландыруға қатысты инновациялық шешімдер мен қызмет көрсету саласының дамуы, бизнесті дамытудағы цифрлы маркетингтің маңызын талқылады. Кездесу қорытындысында өңіраралық әріптестікті дамытуға байланысты келісімдер жасалды. Келісімдер бойынша алдағы уақытта бірнеше жобалар жүзеге асырылатын болады.  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д.Жумин астаналық қонақтарға өңіраралық байланысты дамытуға белсенді үлес қосқандары үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

   Еске сала кетейік, Шымкентте Астананың күні үш күнге созылып, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылған болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер