Бюджет жайы талқыланды

4-4-696x392.jpg

Шымкент Елбасының Жарлығымен үшінші мегаполис атанғаннан кейін көптеген құрылымдық өзгерістер болды. Кадрлық ауыз-түйістерді орын алды. Қалада жаңа басқармалар құрылды. Ең бастысы шаһар бюджеті қайта қаралды. Таяуда депуттар осы мәселені талқыға салды.   Жиында  Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті екіге бөлінетіндігі мәлім болды. Бюджеттің кірістері мен шығыстары жеті айға жоспарланып, қалған айдағы жоспарлы қаржылары қысқартылды. Нәтижесінде 1 қаңтар мен 17 шілде аралығындағы бюджет 92 миллиард теңгені құрады. Сонымен қатар, республикалық қала деңгейіндегі 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті қалыптасты. 17- шілдеден жыл соңына дейінгі бюджеттің екінші бөлігі 50 миллиард теңгені құрайтын болды. Сондай-ақ, бүгінгі сессияда депутатар жаңадан құрылған сегіз басқарманың қызметін қамтамасыз етуге қажетті қаржыларды бөлді. Бұдан бөлек, депутаттар кезектен тыс 35 сессия барысында «Бизнес Шымкент «өңірлік үйлестіру кеңесін құруға келесімдерін берді. Кәсіпкерлерді қолдау аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 300 миллион теңге бөлуді бірауыздан қолдады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер