Жеке куәлікті бір күнде береді

20180726144530-696x561.jpg      

Қазақстанда жеке куәлік пен төлқұжатты беруді  жеделдетудің жаңа қызметі іске қосылмақ. Енді «Азаматтарға арналған үкімет» жобасы аясында құжаттарды Шымкентте бір күнде қолға алуға болады. Осы орайда, тиісті ережеге өзгертулер 2018 жылғы 23 шілдедегі Үкіметтің қаулысында қарастырылған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, Қазақстан республикасы азаматының жеке куәлігі Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында рәсімделген күннен бастап бір жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіпте беріледі. Ал облыс орталықтарында үш жұмыс күнге дейін, сондай-ақ аудандарда, облыс қалаларында жеті жұмыс күніне дейін тапсырылады. Мемлекеттік бажды есептемегенде, құжаттарды жедел даярлау қызметінің құны аталған төрт қала үшін 4 983 теңгені құрайды. Аталған Қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен соң қолданысқа енеді.

     Айта кетейік, Шымкент қаласындағы 8 халыққа қызмет көрсету орталықтарын есепке алғанда күнгейде мемлекеттік корпорацияның 25 фронт-офисі қызмет көрсетеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді
  • Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары
  • Послание–2024: рост IT-отрасли и стратегия развития ИИ
  • Өмірін бала күлкісімен өрнектеген күтуші
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер