Шымкентте Жастар денсаулық орталығы ашылды

5.jpg 

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №6 қалалық емханада үздік практика орталығы ашылды.  Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков мәлім етті.

  Үздік практиканы енгізудегі мақсат- медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру мен халықтың қанағаттану деңгейін көтеру, адам және оның отбасы қажеттілігі төңірегіндегі денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру, арыз-шағымдарды төмендету, ұйымдастыру және әдістемелік жұмысты жүргізу, халықтың медициналық сауаттылық деңгейін жоғарылату, науқасты емдеу және аурудың алдын алу процесіне қатыстыру. Жоба негізінде жастар денсаулығына да басымдылық берілмек. Бұл үшін жастар денсаулық орталығы ашылып, жұмысын бастады.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №3 емхана жанынан ашылған «Сұңқар» жастар денсаулық орталығы 10-29 жас аралығындағы қала жастарына көмек көрсетеді.

Жастар орталығын ашудың негізгі мақсаты отбасын жоспарлау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастарға жоғары білікті медициналық-психологиялық және тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы жасөспірімдердің, жастардың денсаулығын сақтау және әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

Орталыққа келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетіледі. Оның ішінде, отбасын жоспарлау, маскүнемдік пен нашақорлықтың, адамның иммун тапшылығы инфекциясының, эмоционалдық көңіл-күйлерінің, күйзелісті және құлазу жағдайларының, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі және құқықтық кеңестер беріледі. Және бастапқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық-кеңес медициналық көмегі де көрсетіледі. Аталған орталық жастардың психикалық-әлеуметтік және медициналық проблеммаларын анонимді және уақытылы алдын алуға жағдай жасайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер