Шымкент: Әл-Фараби ауданын газбен қамту 100 пайызға жетеді

9.jpg 

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында  тұрғындарды ауыз су және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100% құрап отырса, көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 99,9%-ды құрап отыр. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифнгте аталған ауданның әкімі Рашид Мыңбаев айтты.

  -Қазіргі таңда, «Сәуле» ш/а 276-орамда «Ремстрой» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан табиғи газ магистралды желісінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Қараша айының соңында абоненттеу жұмыстары толығымен аяқталып, аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 100%-ға жететін болады,- деді Рашид Мамытұлы.

Ауданда ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 235 шақырымы (90,4%) асфальт, 25,0 шақырымы (9,6%) тас жолды құрайды.

Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 20,9 шақырымды құрайтын Жансүгіров, Анаров, Кабанбай батыр, Желтоқсан, Дулати, Қазыбек би, Орынбаев, Пазиков, Ж.Тыныбаев, Адырбеков, Уәлиханов атындағы орталық көшелерге және Д.Қонаев даңғылына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа асфальт қабаты төселінуде.

Ішкі орамдағы жалпы ұзындығы 6,8 шақырымды құрайтын 29 көшеге асфальт төсеу жоспарланса, оның ішіндегі 26 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал қалған 3 көшеге асфальт төсеу бойынша сот процессі жүріп жатыр.

Сондай-ақ 2023 жылдың басында Әл-Фараби ауданы аумағына қарасты 390 көшенің, 110 көшесі жарықтандырылған болса, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан 2023 жылы тағы 14 көшені жарықтандыру жоспарға енгізілген.

Бүгінде Күншығыс ш.а. ішкі орам, Абдразақов, Тыныбаев, Маметов, Бөгет, Қалалық жүйке аурулар орталығы, 16 ш.а. ішкі орам, Ескі қала аумағындағы Өзбек көшелерін жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Жыл соңына дейін Сәуле ш.а., Бозарық, Наурызым, Тұмарлы, Әблязимов, Мәделі Қожа, Сасбұқаев көшелеріндегі жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер