Бағдарлама аясында ойын алаңшалары салынуда

10.jpg 

Шымкет қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген.  «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2023 жылы 39 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде, мердігер мекемелер тарапынан 24 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында аталаған бағыттағы жұмыстар аяқталып, қолданысқа берілсе, 15 аулада абаттандыру жұмыстары Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен тоқтатылған. Бұл аулаларда абаттандыру жұмыстарын келесі жылы жалғастыру жоспарлануда. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифнгте аталған ауданның әкімі Рашид Мыңбаев айтты.

Соңғы 3 жылда аудан аумағында 42 ашық спорт алаңшасы салынған. Қазіргі таңда тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауданда 108 ашық спорт алаңшасы жұмыс істеп тұр.

2023 жылы бағдарламасы аясында Береке ш.а. 276 орамда және Жангелдин көшесі №14 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында 2 ашық спорт алаңшасы орнатылды.

Тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 66 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңшасын орнату және 4 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.

Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, тұрғындарды ауыз су және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100% құрап отырса, көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 99,9%-ды құрап отыр. Қазіргі таңда, «Сәуле» ш/а 276-орамда «Ремстрой» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан табиғи газ магистралды желісінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Қараша айының соңында абоненттеу жұмыстары толығымен аяқталып, аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 100%-ға жететін болады.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер