Шымкент: «Бозарықта» жаңа жобалар іске асырылуда

11.jpg 

Шымкентте «Бозарық» индустриалды аймағын инфрақұрылыммен қамту құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков нысанға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Осыған дейін мұнда 14,5 шақырым ауыз су, 6 шақырым газ құбырлары тартылған. Электр қуатымен қамту мақсатында қосалқы станция орнатылып, 8,8 электр желісі жүргізілген.

Мердігерлер автомобиль жолдарының құрылысын да кестеге сай атқаруда. Сондай-ақ қазір кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша арнайы жобалар әзірленуде.

Қала әкімі жауаптыларға кәсіпорындарды сапалы инфрақұрылыммен қамтуды тиісті талаптарға сай орындауды тапсырды. Құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі.

132,9 гектар аймақта жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын тамақ өнеркәсібі бойынша 30 жобаның пулы жасақталған. Жобалар сәтті жүзеге асқан жағдайда 1000-нан астам адамды жұмыспен қамтылады. Бүгінде 20,7 млрд теңгені құрайтын 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын қамтитын 4 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталды. Бұл кәсіпорындарды 2025-2026 жылдар аралығында іске қосу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақ пен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жемісті жұмыс істеп келеді.  Бұдан бөлек, Шымкентте жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда. Жаңа аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер