Шымкенттің әкімі Әзіл-сықақ театрының жұмысымен танысты

2.jpg 

Шымкент қаласының  әкімі Ғабит Сыздықбеков Әзіл-сықақ және сатира театрында болып, ғимараттың қазіргі жағдайымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

1949 жылы пайдалануға берілген нысан тозығы жеткендіктен күрделі жөндеуге жарамсыз деп танылған.  Сондықтан театр қызметкерлері жаңа ғимарат салып беруді сұраған болатын.

Әзіл-сықақ театры 2008 жылы құрылған. Театр шымылдығын Жүнісовтың  "Қысылғаннан қыз болдық" пьесасының желісімен жазылған У,Әбдірайымовтың "Ауылым – әнім" музыкалық қойылымымен ашты. Театр ұжымына алғашқы жылдары  "Шаншар" әзіл-қалжың театрымен танылған У. Әбдірайымов жетекшілік етті. Театр өз жұмысын "Әзілің жарасса" деген концерттік бағдарламасы бойынша бастады. Бүгінгі таңда театр репертуарында отандық туындылармен қатар, өзбек, қырғыз, ағылшын авторларының 20-дан астам түрлі жанрдағы қойылымдары бар. Қазір мұнда 88 қызметкер жұмыс істейді. Театр ұжымы драмалық, комедиялық шығармалармен қатар балалар және жасөспірімдерге арналған түрлі қойылымдарды қоюмен, концерттік, ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынумен ерекшеленді. Былтыр әртістер «Айтқыштар Ақтөбеде» респуликалық әзіл-сықақ байқауында және Мемлекеттік сыйлықтың иегері Р.Сейтметовтің 80 жылдығына арналған фестивальде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді.

Қала әкімі жауаптыларға шығармашылық ұжымның жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Сала басшыларына театрдың ғимарат мәселесін шешуде ұсыныстар әзірлеу қажеттігін жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер