Шымкент: Тұрғындардың талап-тілектері бақылауға алынды

3.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың ай сайынғы азаматтарды жеке қабылдауларында және аудандарды аралау барысында түскен тұғындардың өтініш-тілектері ескерусіз қалмайды. Бүгінде тұрғындардың ұсыныс пікіріне қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай өтініштердің бірі бойынша тұрғындардың талап-тілегі бақылауға алынып, М.Мәметова атындағы №35 орта мектептің тұсындағы Қазыбек би көшесінің бойына жасанды жол кедергісі орнатылды. Бұл кедергі мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін өте маңызды.

Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қ.Бақбаев көшесі мен Ташкент көшесінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағы сызылса, Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысында орын алатын көлік кептелісін айналып өту мақсатында ақпараттық белгі орнатылды. Ал, Қабанбай батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жол жабындысы төселген соң толығымен қайта жол белгілері сызылды.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Шымкентте 32 көпқабатты тұрғын үйдің 11-де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалған ғимараттар ағымдағы жөндеуден өткізілді. Құрылыс кезінде үйлердің шатыры жөнделіп, жертөледегі кәріз жүйелері жаңартылды, әрлеу-сырлау жұмыстары атқарылды.

Қазір Нұрсәт тұрғын алабындағы №56,89 және Нұрсат шағын ауданындағы №216 коммуналдық меншіктегі көппәтерлі тұрғын үйлердің жедел сатыларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін 16 көппәтерлі тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын меншік иелерінің келісімімен қайтарымды негізде бюджеттік кредит есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда 11 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Ал 4 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер