Ең үлкен жылыжай Шымкентте салынады

13.jpg 

Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені Шымкент қаласында орналасатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 17 қарашада Астана қаласында өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI Қазақстандық дөңгелек үстел аясында өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумдарға қол қойылды.

Әлемдік бизнестің және қаржы секторының өкілдерін жинаған іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты.

Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов жалпы сомасы 662 млн АҚШ долларға екі шетелдік компаниямен меморандумға қол қойды.

Біріншісі, Түркияның ірі компаниясы "Alarko Holding" қала аумағында жаңа форматтағы жылыжай кешенін салу. 650 млн АҚШ доллар сомассына жүзеге асырылатын инвестициялық жоба кезең-кезеңмен жалпы 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын құруды, жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді.

Екіншісі, "IŞIKLAR PACKAGING Ltd." түрік компаниясы «крафт-ролл» қағазын шығаратын зауытын салу. Жобаның құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды.

Екі жоба да тұрақты өңірлік өсуге, инвестициялар тартып, қала экономикасының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетері, жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қайнарбұлақ елдімекеніндегі жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. «OtanAgro» ЖШС өнеркәсіптік нысанның құрылысы өткен жылы басталған. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 700 млн теңгені құрайды. Алдағы уақытта жылына 380—500 тонна құлпынай өндіреді. Өнімді ішкі нарық айналымына және көрші елдерге экспорттауды жоспарлап отыр. Ал, қала аумағында мемлекеттік қолдауға ие болып отырған «Ифтихари» шаруа қожалығындағы жылыжай кешені жылына 500 тонна өнім алып отыр. Аумағы 2 гектар жылыжайда қазір қызанақ теру маусымы жүріп жатыр. Жұмысшылар қызарған өнімді қораптарға жинап, солтүстік өңірлерге жөнелтпек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер