Шымкент: Тұранның әкімі 48 кездесу өткізген

18.jpg 

Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданының әкімі 21 елді мекенде халықпен 48 кездесу өткізді.  Бұл туралы Шымкент қаласы Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференцияда айтты.

Тұран ауданы бойынша 2023 жылдың 10 айында 21 елді мекенде 48 кездесу өткізіліп, 225 мәселе көтерілді. Оның 172 мәселесі шешілсе, 67 мәселе бойынша жұмыстар атқарылуда.

Оның ішінде 29 мәселе жыл соңына дейін орындалса, 38 мәселе 2024-2025 жылдарға өтпелі.

Бүгінгі таңда Тұран ауданы аумағында жауын-шашын кезінде көшелерді су басу қаупі бар жерлердің мәселесін шешу мақсатында тұрақты түрде қарқынды жұмыстар атқарылуда.

2023 жылдың басында арық орнату қажет 48 көше анықталған болатын. Биылғы жылы 41 көшеге ирригациялық арық салу жоспарланса, қазіргі таңда 36 көшеде құрылыс жұмыстары аяқталды.

2023 жылы Тұран ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар және 12 спорт алаңшасын орнату жоспарланған.

Қазіргі уақытта 14 балалар ойын алаңшасының, 8 спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Олар: Бәйдібек би даңғылы №246, Отырар ш/а №52, Жарқынбеков көшесі №17, Ақжар е/м, жаңақұрылыс аумағы, Ақтас е/м Дос аялдамасы, Арғымақ е/м, атауы жоқ көше, Қазығұрт е/м Шуақты көшесі, Мангелдьн көшесі №40 үй, Құрсай е/м Ұзынағаш көшесі, Құрсай е/м Құлаңтөбе көшесі, Құрсай е/м Егізтөбе көшесі, Рысқұлов көшесі №2, Құрсай е/м Қарашығанақ көшесі, Жаңаталап е/м Қабылсай көшесі.

Ал, қалған 6 балалар ойын алаңшасы мен 4 спорт алаңшасының құрылысы жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер