Бозарықтықтар жаңа мектепте оқиды

IMG_5934.JPG     

Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Ал үшінші мегаполисте білім ұялары оқушыларды қабылдауға қаншалықты әзір? Мамандардың айтуынша қалада биылғы 2018-2019 жаңа оқу жылында 134 жалпы орта мектеп өз жұмысын бастайды. Олардың ішінде су жаңалары да бар. Мәселен осы жылы Бозарық шағынауданының балалары жаңа мектепті аттамақ. 900 орынды мектептің құрылысы аяқталған. Қазіргі таңда жауапты мердігер «Турахмет и компания» ЖШС сыртқы көгалдандыру, көректендіру жұмыстарын жүргізіп, құрал-жабдықтарын орналастыруда. Аумағы 2,8 гектар жерге салынған жаңа мектептің техникалық қадағалаушысы «Мирстрой» ЖШС ғимараттың сапасын тексеруден өткізген соң қалалық құрылыс басқармасы (бұған дейін құрылыс бөлімі) нысанды қабылдайды.

     Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі нысандардың қатарында 5 жаңа мектептің бар екенін атап өтті.
– Қазіргі таңда Тұран шағынауданында «Югстройсервис-Н» ЖШС - 1200 орынды, әкімшілік-іскерлік орталығында «НТР» ЖШС - 1200, Қызылжар елдімекенінде «Тур-ахмет и компания» ЖШС 900 орынды жаңа мектептердің құрылысын жалғастыруда. Сонымен қатар бір мезетте 1200 балаға білім беруге мүмкіндігі бар жаңа мектеп Самал-3 шағынауданындағы №6 емхананың жанынан бой көтеруде. Таскен тұрғын алабына қарасты №115 мектептің жанынан да 300 орынды жаңа нысанның құрылысы жүргізілуде. 2019 жылы пайдалануға берілетін жаңа мектептің бірі қала аумағына енген Шаңырақ тұрғын алабында салынып жатыр. 600 орынды орта мектептің құрылысына жауапты мердігер - «НТР» ЖШС, – дейді басқарма басшысы. Білім беру нысандарының он екіншісі Мирас шағынауданында орналасқан. №85 жалпы орта мектепке қарасты 150 орынды қосымша оқу корпусының құрылысы келер жылы аяқталады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер