Алғашқы арбат ашылады

арбат.jpg  

Естеріңізде болса  осы жазда Шымкентте алғашқы арбат ашылған болатын. Бекет батыр көшесіндегі демалыс орнын бүгінде мамандар гүлзар қатарына қосып отыр. Алайда Шымқала арбатсыз қалған жоқ. Шаһардағы Бейбітшілік көшесінде қаланың нағыз алғашқы арбатының құрылысы басталды. Арбаттың құрылысын жүргізуге 560 миллион теңге қаражат бөлінген. Ұзындығы 430 , ені 35 метрді құрайды деп бекітілді. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Алайда, мердігерлер бұл нысанды көпшіліктің қолданысына ертерек тапсырмақ ниетте. Алғашқы арбатқа егілетін көкмайсаның аумағы 1786 шаршы метр. Мұндағы аймаққа үш мыңнан астам хризантема, екі мың канна гүлдері отырғызылады. 90 орындық, 26 үлкен, 76 кіші жарықшам қойылады. Сегіз мың шаршы метр аяқжол төселіп, жиектастар граниттен қойылмақ. Алты субұрқақ салынып, бір жерасты ұңғыма қазылады. Әл Фараби және Республика даңғылдары жағынан арка орнатылмақ. Алғашқы жоба бойынша арбаттың бір бөлігінде автокөлік жолы қарастырылған болатын. Мамандар оны қайта қарап, өзгерістер енгізбекші.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер