Қошқар ата жаңалауының құрылысына өзгерістер енді

otyrarkz-2018-08-07-13h40m37s101-696x392.jpg

Әлемде қаланы жарып өтетін өзендер сирек кездеседі. Ал Шымкенттегі суы дертіңе шипа болатын, шаһардың атмосфрасын жақсартып отырған Қошқар ата өзенін Тәңірдің сыйы дерсің. Осыны ескерген қала басшылығы өзен жағалауын аббаттандыруға кіріскен болатын. Жұмыс екі кезеңге бөлінген. Оның біріншісі — бұлақ басынан Ордабасы алаңына дейін 700 метр және алаңнан Ә. Жангелдин көшесіне дейінгі 1600 метрлік бөлігін қамтитын.

     Бұл аралықта өзен жағалауы он метрге дейін ашылып, бірқатар заңсыз нысандар бұзылған еді. Онда төрт мың шаршы метр жаяу жүргінші жолы төселді, төрт өткел салынды. Сала мамандарының айтуынша, қала басшылығы өзен жағалауын абаттандыру барысына бірқатар өзгерістер енгізбек.

    Жаңа концепция бойынша, енді өзен жағалауы отыз метрге дейін ашылады. Одан да басқа өзгерістер болады. Бүгінде жауапты мамандар осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Ал тұрғындар болса, салқын суға шомылып, атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіруде.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құрыш қолды құрылысшы
  • Тазалық бар жерде береке бар
  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер