Жаңа қоныстар көбеймек

000.jpg

Тұрғын үйлердің қаланың екі бірдей жаңа ауданында — Шымшаһардағы Shymkent City мен әкімшілік-іскерлік орталықта «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін  2 500 пәтерден тұратын 40 үй салынатын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісімге сәйкес, жалпы аумағы 150 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Алғашқы 598 пәтерді тұрғындар осы жылы ала алады, осы мақсатта қаланың жаңа әкімшілік-іскери орталығында 11 тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс салушы бұл үйлерді 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта 20% көлеміндегі бастапқы жарнаның болуы жеткілікті. 1 бөлмелі пәтердің бағасы 5,6 млн теңге деп алсақ, депозитте 1,1 млн теңге жинау қажет. Осыдан кейін банк 5% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген заем береді», — деп Ләззат Ибрагимова мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарын түсіндіріп өтті. Қалған 1 880 пәтердің құрылысы мен пайдалануға берілуі 2019 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ қазір «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылданып жатыр. Оның аясында Шымкент қаласының Төлеметов көшесінде тұрғын үй кешені салынуда. Мұндағы пәтерлердің 1 шаршы метрінің бағасы 178 500 теңгені құрайды. 20% көлеміндегі бастапқы жарна болған жағдайда, банк 7% мөлшерлемемен заем береді, кейін жылдық мөлшерлеме 5%-ға дейін төмендейді. Бұған қоса, осы жылы банк салымшылары үлестік құрылысқа қауіпсіз түрде қосыла алады. Үй бағасы белгіленген, 1 шаршы метрдің құны — 180 000-250 000 теңге. Тұрғын үйлер Шымкенттің «Нұрсәт» ықшамауданында салынып жатыр.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер