Ғ.Әбдірахымов тұрмысы нашар әйелдерге қолдау білдірмек

5b6817b033d7b.jpg

Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала әкімдігінің аппараты мәжілісінде тұрақты табысы жоқ, балалары қолына қараған аналарға лайықты қолдау көрсетуді ұсынды. Аналардың белгілі бір кәсіби мамандықтар бойынша білімін жетілдіруіне және өз ісін ашу үшін жеңілдікпен несие алуына қолдау жасалмақ. «Көбіне менің қабылдауыма келген азаматшалар күйеулерінің жұмыс істемейтінін, отбасын асырауға бей-жай қарайтынын не болмаса отбасын мүлдем тастап кеткенін ашына отырып айтады. Мұндай әйелдер жарқын өмірден үмітсіз де емесДегенмен, күнделікті тапқан табысы балаларын қатарынан кем қылмай бағып-тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді. Өздері отбасының бақытты ғұмыры үшін еңбек етуге дайын. Сондықтан біз оларға лайықты жәрдем көрсетуіміз керек. Бұл тұрғыда біздің міндетіміз – олардың өз ісін жүргізіп, аяғына нық тұрып кетуіне ықпал ету», - деді қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы.  

     Осы мақсатта шаһар басшысы жауапты сала мамандарына тағдыр теперішін тартқан әйелдер үшін шағын бизнесті дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, бір ай уақыт берді. Бағдарламаның негізгі бағытына сәйкес өз ісін ашуға ниетті әйелдер өзі таңдаған мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстан өтуі тиіс. Ол курстардың арасында шаштараз, маникюр, массаж жасаушы, аспаз немесе тігінші секілді мамандықтар бар. Осы арқылы олардың өз шағын бизнесі және тұрақты табысы болады деп күтілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер