«Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз»

1533274158.jpeg

Елбасының бастамасыз жүзеге асырылып келе жатқан «Азаматтарға арналған үкімет» жобасы халықты билікке етене жақын ете түсті. Аталған жоба аясында Шымкент қаласының әкімдігі қалалықтарға  «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» атты қызметтік бағалау жүйесін ұсынып отыр. Яғни әкімдік қызметкерлері  азаматтардан қала әкімдігінің жұмысында көрініс беріп отырған олқылықтар жөнінде толық ақпар беруді сұрайды. Сонымен бірге әкімдіктің де, оның құрылымдық бөлімшелерінің де жұмысын бағалауға болады. Тұрғындар өз шағымдарын ғаламторда орналастырылған арнайы форманы толтыру арқылы қалдыра алады. Азаматтардың сауалға берген жауап нәтижелері әкімдіктің міндеттерін ашық жариялаудың негізін құрайды, ол жергілікті атқарушы органдар үшін халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша өз қызметінің басымдықтарын айқындауға арналған нұсқаулық есебінде болмақ. Айта кету керек, қала тұрғындарының шағымы ыңғайлы болу үшін онлайн және офлайн түрінде де қабылданады. Онлайн сауалнамадан бөлек, қала аумағында тұрғындардың шағымдарын қабылдайтын он орын бар.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер