"Қырғы базар" реттеліп қалды

5b6005b11e86b.jpg

Жақында Әл-Фараби ауданының әкімдігінде  арнайы брифинг өтті. Жиында мәлім болғандай сот шешіміне байланысты Шымкенттегі «Қырғы базар» маңындағы заңсыз орнатылған дүңгіршектер алынған. «Шаһар басшысы Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, Төле би көшесінің бойында орналасқан «Қырғы» базар маңын ретке келтіру жұмыстары жалғасады. Бұған дейін Шымқалада орналасқан сегіз базар басшысымен екі жақты меморандум түзілген болатын. Осы меморандум аясында базар аумағындағы бос сауда орындары ұсынылып, қазіргі таңда 35 саудагер «Қырғы базарға», сегіз  саудагер «Автонұр» базарына орналастырылды», - деді аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов. Айта кету керек, жаңа орындарды аталған сатушылар үш ай бойы тегін пайдаланады. Бұған қоса бұл азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру және жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылады. Еске сала кетсек  «Қырғы базар» маңында жабайы сауда қатарлары көбейіп болатын. Олар заңсыз орналасқан және қаланың сәні мен тәртібін бұзып тұрған еді.  Қазір базар адамдардың жүріп-тұруына ыңғайлана түскен.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер